«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Шығыс Қазақстан облысы филиалы

Меню

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жарғысы

    1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
    1. «Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы «SENIM» РҚБ, әрі қарай Кәсіподақ деп аталатын, ұйымдық-құқықтық нысандарына және меншік нысандарына қарамастан өзінің мүшелері медициналық, фармацевтикалық, санитарлық-эпидемиологиялық, шипажайлық-курорттық мекемелерде, ұйымдарда, кәсіпорындарында, ғылыми орталықтарда, ғылыми-техникалық кешендерде, ғылыми-зерттеу институттарында және басқа денсаулық сақтау жүйесінде қызметті жүзеге асыратын мекемелерде қызмет атқаратын, еңбек, өнеркәсіптік-салалық және кәсіби мүдделерінің ортақ сипатына негізделіп, республикалық қоғамдық бірлестік болып табылады.

    Кәсіподақтың толық ресми атауы:

    • мемлекеттік тілде – «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы»республикалық қоғамдық бірлестік;

    - орыс тілінде – Республиканское общественное объединение «Отраслевой профессиональный союз работников системы здравоохранения «SENIM».

    Қысқартылған атауы:

    мемлекеттік тілде – «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы» РҚБ;

    орыс тілінде – РОО «Отраслевой профсоюз работников системы здравоохранения «SENIM».

    Кәсіподақтың басқару органының мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., «Алматы» ауданы, Абай даңғылы, 38 үй.

    1. Кәсіподақ Қазақстан Республикасының Конституциясына, соған сәйкес нормативтік құқықтық актілеріне, жалпыға бірдей қабылданған халықаралық құқық нормаларына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарына, және осы Жарғыға сәйкес қызмет істейді.
    2. Кәсіподақ өз қызметінде барлық деңгейдегі мемлекеттік билік органдары және жұмыс берушілер мен олардың бірлестіктерінен, саяси партиялар және басқа қоғамдық ұйымдардан тәуелсіз, олардың алдында есеп бермейді және бақылауға алынбайды. Кәсіподақтың олармен байланысы теңдік құқықтық ынтымақтастық және әлеуметтік серіктестік негізінде жасалады.
    3. Кәсіподақ Қазақстан Республикасы Қәсіподақтар федерациясының мүшелік ұйым болып табылады, республикалық және халықаралық кәсіподақтар қозғалысына қатысады, шетелдердің кәсіподақтық одақтармен және басқа үкіметтік емес ұйымдармен іскерілік байланысқа шығады.
    1. КӘСІПОДАҚТЫҢ МӘНІ,  МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ
    1. Кәсіподақ мүшелерімен қарым-қатынасын еріктілік, теңдік және ынтымақтастық негізінде құра отырып, олар еңбек, кәсіптік, сондай-ақ басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін құрылады және қызметін атқарады.
    2. Кәсіподақ қызметініңмәні Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік және еңбек құқықтарын жүзеге асыру, сондай-ақ осы Жарғыда белгіленген мақсаттарға жету үшін Кәсіподақ пен оның құрылымдарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету болып табылады.
    3. Кәсіподақ сайланбалы органдары арқылы өз мүшелерін қорғау үшін:

    - кәсіподақ ұйымдарының қызметін біріктіреді, бағдарлама береді және үйлестіреді;

      - кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін мемлекеттік билік органдары және жұмыс берушілер, сотта өкілеттік етеді және қорғайды, сонымен қатар прокуратураның бақылауындағы кейбір құқықтық және нормативтік құқықтық актілерге қарсылығын  білдіре алады;

    - мемлекеттік билік органдары, жұмыс берушілер өкілдерімен келіссөз жүргізеді, келісімдер, ұжымдық шарттар жасасуда әлеуметтік серіктес тарапы болады және олардың орындалуын бақылайды;

    - мемлекеттік билік органдарына Кәсіподақ мүшелерінің құқықтары және мүдделеріне қатысты заң құжаттары мен нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру туралы ұсыныстар енгізеді, олардың құқықтарына шек қоятын нормативтік актілердің күшін жоюды талап етеді;

    - әлеуметтік еңбек қатынастары, оның ішінде еңбекті нормалау және еңбекақыны ұйымдастыру, бюджет және салық саясаты, жұмыспен қамту, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілер мен заң жобаларын әзірлеуге қатынасады немесе тиісті мемлекеттік органдарға өз ұсыныстарын енгізеді;

    - еңбек заңын, еңбекті қорғау және қауіпсіздікті сақтау  бойынша қоғамдық бақылау жүргізеді, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеруге қатысады;

    • ұжымдық еңбек дауларын реттеуге қатынасады;
    • кәсіподақ кадрлары мен активінің біліктілігін арттыруға оқу, даярлау, қайта даярлау ұйымдастырады, сонымен қатар медиация сұрақтары бойынша;

    - еңбек жағдайы бойынша өндірістік нысандарды аттестациялауға қатынасады;

    - өмір деңгейі, отбасы бюджеті, инфляция, жұмыссыздық, еңбекті қорғау, кадрларды кәсіптік дайындау және білімін жетілдіру және басқа сұрақтар бойынша зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады және мемлекет саясатының әлеуметтік бағытта болуына атсалысады;

    - кәсіподақ мүшелеріне дәрігерлік және зейнетақылық, қамсыздандыру, санаторлық-курорттық емдеу, демалыс ұйымдастыруға және мамандығын арттыру мен қайта дайындаудан өтуіне көмек көрсетеді;

    - өз мүшелеріне және құрылымдық бөлімдеріне ұйымдастырушылық, кеңестік, құқықтық және материалдық, қайырымдылық көмек береді;

    - заң жүзінде белгіленген тәртіп бойынша Кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін жиналыстар, митингілер, бой көрсету шерулер, ереуілдер және басқа  бұқаралық акцияларды ұйымдастырады және өткізеді;

    - осы Жарғыда белгіленген мақсаттарын орындау үшін шаруашылық қызмет атқарады, кәсіпорындар, сақтандыру және қаржы қорларын, ынтымақтастық қорын және басқа да қорларды құрады; акциялар және басқа бағалы қағаздарды  сатып алады және кәсіпкерлік қызметті дамытады;

    - ақпараттық-кеңестік мәліметтендіру, насихаттау және баспа қызметін атқарады;

    - Кәсіподақ мүшелері тиісті кәсіподақ құрылымдары арқылы өкілеттік еткен басқа да қызметтерді атқарады.

    1. КӘСІПОДАҚҚА МҮШЕЛІК
    8. Жеке тұлғалар - Кәсіподақтың мүшелелері болып және заңды тұлғалар Кәсіподақтың мүшелік ұйымдары болып табылады.Кәсіподақ Жарғысын мойындайтын және мүшелік төлем төлейтін жеке тұлға:- Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар;- денсаулық сақтау жүйесіне жұмыс істейтін немесе уақытша жұмыс істемейтіндер, зейнеткерлер.

    Кәсіподақ мүшесі басқа кәсіподақтар қатарында бола алмайды.

    Кәсіподақ жарғысын мойындайтын және кәсіподақ мүшелік жарнаны төлейтін заңды тұлға  ретіңде локалдық кәсіподақ болады.

    1. Кәсіподаққа мүшелік әр адамға ерікті. Кәсіподаққа қабылдау әр адамның кәсіподақ ұйымына жолдаған жазбаша жеке өтініші бойынша атқарылады. Кәсіподаққа қабылдау туралы шешім:

    - Кәсіподақ мүшелерінің саны 10-дан кем болған жағдайда бастауыш кәсіподақ ұйымының жиналысында;

    – Кәсіподақ мүшелерінің саны 10-дан артқан болған жағдайда кәсіподақ бюросының, кәсіподақ комитетінің мәжілісінде қабылданады да, осы шешім бастауыш кәсіподақ ұйымының жиналысында (конференциясында) мәлімденеді.

    Кәсіподаққа мүше болып қабылдау шешімі жиналысқа қатысқандардың немесе сайлау органдары мүшелерінің көпшілігімен қабылданады. 

    Кәсіподақ мүшесі болып қабылданған адамға белгіленген түрдегі Кәсіподақ картасы беріледі. Кәсіподақ мүшелерін есепке алу жұмысыбастауыш кәсіподақ ұйымының электрондық жинақтаушта және есеп карточкалары арқылы жүргізіледі.

    10.Жергілікті кәсіподақтың Кәсіподаққа кіруі Жергілікті кәсіподақтың Кәсіподаққа жазбаша өтініші негізінде жүзеге асырылады.Кәсіподаққа қосылу туралы ниет білдірген Жергілікті кәсіподақ:- жазбаша өтініш;- сайланған органның шешімдері, құрылтай құжаттары (кәсіподақтың жарғысы, тіркеу анықтамасының көшірмесі және т.б.);- жергілікті кәсіподақтың мүшелер туралы статистикалық деректер;- сайланған органның орналасқан жері туралы ақпарат;- Кәсіподақ жарғысын мойындау және мүшелік жарналарды төлеу міндеттемесі.

    Жергілікті кәсіподақтың мүше ұйымы ретінде Кәсіподаққа кіру шешімі Кәсіподақ Атқару комитетімен қабылданады.

    Кәсіподаққа кірген күннен бастап, Жергілікті кәсіподақ Кәсіподақ Жарғысымен бекітілген мөлшерде мүшелік жарна төлейді.
    1. Кәсіподаққа мүшелік стаж мүшелікке қабылдау туралы шешім қабылданған күннен бастап саналады және Кәсіподақ ұсынған жеңілдіктерін пайдалану кезінде ескеріледі.
    2. Кәсіподақ стажы мүшелік жарналарын уақтылы төлеп тұрған мына жағдайдарда сақталады:

    - жасына не мүгедектігіне байланысты жұмысын тоқтатқан зейнеткерлер үшін;

    - штат қысқарту салдарында, мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның жойылып, уақытша жұмыссыз қалғандар үшін.

    1. Кәсіподақ мүшесінің құқықтары:

    - кәсіподақ және оның органдары тарапынан мемлекеттік билік, жұмыс беруші, сот және қоғамдық бірлестіктер алдында өзінің еңбектік, кәсіптік және басқа әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау;

    - кез келген Кәсіподақ органы не ұйымынан ақыл - кеңес алып, өзінің өтініші не ұсынысы бойынша нақты жауап алу;

    - еңбек және басқа даулар бойынша Кәсіподак органдары көрсететін тегін заңгерлік кеңес алу;

    -кәсіподақ қаражатынан материалдық, қайырымдылық көмек алу;

    - кәсіподақ органдарын сайлауға және өзі сайлана алу;

    - кәсіподақ жұмысына қатысу, оған байланысты сұрақтар ұсынып, оның талқысына еркін қатысу, сайланылған органдардың қызметіне баға беріп, осы органдардың жұмысы туралы кез келген ақпарат алу;

    - кәсіподақ жүргізген келісімдер мен шарттарға байланысты көзделген қосымша жеңілдіктер мен үстемелер алу;

    - Кәсіподақтың жұмысына қатысу, оның ішінде әзірлеу, талқылау және шешім қабылдау, олардың орындалуын бақылау;

    - Кәсіподақта белсенді атқарған жұмыс үшін моральдық және қаржылық жағынан атап өту керек;

    - еңбек қабілеттілігін уақытша немесе тұрақты жоғалтқан жағдайда Кәсіподақ қаражаты есебінен медициналық сараптамадан өтуге көмек алуға;

    - жарғылық талаптарды, кәсіподақ міндеттемелерін және нұсқауларын орындау мәселелерін қарастыру кезіндекəсіподақтар жиналыстарының, конференциялардыңжұмыстарына, сондай-ақ Кәсіподақтың   сайланбалы органдардың отырыстарына қатысуға.

    1. Кәсіподақ мүшесінің міндеттері:

    - Жарғыға бағыну, бастауыш кәсіподақ ұйымы мен жоғарғы кәсіподақ органдарының шешімін орындау;

    - ай сайын белгіленген тәртіп пен мөлшер бойынша, кәсіподақ мүшелігінің жарнасын төлеу;

    - еңбек және ұжымдық шарттармен, келісімдермен көрсетілген міндеттерді орындау;

    - кәсіподақ мүшелері өз құқықтары мен мүдделерін қорғауға ауызбірлік білдіріп, кәсіподақтың жалпы қозғалысын қолдау.

    1. Кәсіподаққа мүшелік оның қатарынан шыққанда не шығарылғанда тоқтатылады.
    Кәсіподақтан шығу туралы мәселе Кәсіподаққа қабылдау құқығы бар органдармен Кәсіподақтың мүшесінің жеке өтініші негізінде қаралады.Кәсіподақ мүшелігінен шығару туралы сұрақ кәсіподақ мүшесінің өзінің жарғылық міндеттерін орындамағанда не кәсіподақ бірлігін бұзатын басқа да зиян келтіретін әрекеттері үшін  қойылады.Кәсіподақтағы жергілікті кәсіподақтың мүшелігі тоқтатылуы мүмкін:- Жергілікті кәсіподақтың уәкілетті органының Кәсіподақтан шығу туралы шешімі бойынша;- Жергілікті кәсіподақты тарату, қайта ұйымдастыру кезінде;- Жергілікті кәсіподақты кәсіподақ мүшелігінен шығаруға байланысты.Жергілікті кәсіподақ Кәсіподақтың мүшелігінен шықты деп есептеледі егер Атқару комитетіне өтінішті ұсынғаннан кейін бір ай өтсе. Осы кезеңнің аяқталуына дейін Жергілікті кәсіподақ осы Жарғыға сәйкес өзінің құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырады.Өз қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған жергілікті кәсіподақ КәсіподақтыңАтқару комитетіне хабарлаған сәттен бастап Кәсіподақ мүшелігін жоғалтты деп есептеледі.

    Жарғылық талаптарды сақтамайтын, жоғары және басша органдарының шешімдерін жүйелі орындамайтын, Кәсіподақтың және оның мүшелік ұйымдарының мүддесіне және мақсатына қарсы, сондай-ақ себепсіз белгіленген мүшелік жарнаны төлемейтін жергілікті кәсіподақтардың Кәсіподақ қызметіне қатысуы туралы мәселені Кәсіподақтың Атқару комитеті қабылдайды.

    Жергілікті кәсіподақ бұл кемшіліктерді жоймаған және берешекті белгіленген мерзімде өтемеген жағдайда, оның Кәсіподақ қызметіне қатысуы туралы мәселені Атқару комитеті шешеді.

    Егер Жергілікті кәсіподақ бұзушылықтарды түзетсе, Атқару комитеті Кәсіподақ құрамына мүше ұйым ретінде оны қалпына келтіру туралы мәселені қарайды.

    Егер Жергілікті кәсіподақ бұзушылықтарды түзетсе, Атқару комитеті осы ұйымның басшысы мен басқа да өкілдерінің дауыс құқығын қалпына келтіру туралы шешім қабылдайды.Жергілікті кәсіподақты кәсіподақ мүшелігінен алып тастау туралы шешімді Атқару комитеті белгіленген негіздер бойынша қабылдайды және егер Атқару комитетінің отырыстарға қатысқан мүшелерінің кемінде үштен екісі дауыс берген болса, кворум бар болса, қабылданды деп есептеледі.Кәсіподаққа мүшелігін тоқтатқан жергілікті кәсіподақтар Кәсіподақтың меншігіне, сондай-ақ мүшелік жарналарға және Кәсіподаққа берілген мүлікке құқығы жоқ.
    1. Кәсіподақ мүшесі өзінің жарғылық міндеттерін орындамаса, ол 6 айға дейін Кәсіподақ жеңілдіктерінен айырылады.
    2. Кәсіподақ жеңілдіктерінен айыру және мүшеліктен шығару туралы шешімді Кәсіподаққа қабылдау құқы бар орган не кәсіподақтың сайланбалы жоғарғы органдары қабылдай алады, ол туралы бастауыш кәсіподақ ұйымы мәлімденеді.

    Осы шешім кәсіподақ мүшесінің қатысуымен қабылданады. Себепсіз жағдаймен кәсіподақ мүшесі осы сұрақ қаралуынан бас тартса, шешім оның қатысуынсыз қабылданады.

    Шешім, толық негізі бар жиналысқа не сайланбалы органның мәжілісіне қатысушы адамдардың үштен екі бөлігінен кем емес дауыс берсе, қабылданған болып саналады.

    1. Кәсіподақ мүшесі жеңілдіктермен пайдалану құқығынан айырылғаннан не кәсіподақ мүшелігінен шығарылғаннан кейін екі ай мерзімде қабылданған шешімді сайланбалы жоғарғы Кәсіподақ органдарынан қайта қарауды талап ете алады.
    2. Кәсіподақ мүшелігінен шығарылған адам жалпы негізде, бірақ 6 айдан кем емес уақыттан кейін кәсіподақ мүшелігіне қабылдана алады.
    3. Кәсіподақ мүшесі бастауыш кәсіподақ ұйымымен байланысы үзіліп, жұмыстан шығып не ауысуына байланысты кетіп қалса, ол бастауыш кәсіподақ ұйымының санағынан шығарылады.
    4. Зейнеткерлік жасқа, мүгедектікке байланысты жұмысты тоқтатқан, штатты қысқартуына, мекеменің, кәсіпорынның таратылуына байланысты жұмысты уақытша жоғалтқан кәсіподақ мүшелерін қоспағанда, Кәсіподақ мүшесі негізсіз себептермен қатарынан үш ай бойы мүшелік жарнасын төлемесе, сол ақысын өтегенге дейін Кәсіподақ қорғауынан ажыратылады. Одан әрі оны Кәсіподақ мүшелігінен шығару туралы сұрақ шешіледі.
    5. Кәсіподақ мүшелігінен шығып кеткен не шығарылған адам Кәсіподақ тарапынан қорғау және кәсіподақ меншігімен пайдалану құқығынан айырылады, бұрын төленген жарналардың жалпы құны кері қайтарылмайды.
    6. Кәсіподақ жұмысына белсене қатысқаны үшін Кәсіподақ мүшелері мынадай жеңілдіктер мен құрметке ие бола алады:

    - кәсіподақтың құрмет белгілері мен атақтарын алу;

    - алғыс білдіру;

    - Орталық Кеңестің және оның құрылымдарының сайланбалы   органдарының грамотасымен марапаттау;

    - ақшалай, құнды заттай сыйлықтар, сувенирлер беру;

    - демалыс, санаторлық-курорт орындарына және туристік      жолдамалар беру.

    1. КӘСІПОДАҚТЫҢҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ

    НЕГІЗГІ  ҚАҒИДАЛАРЫ  ЖӘНЕ  ОНЫҢ  ҚҰРЫЛЫМЫ

    1. Кәсіподақ өндірістік - салалық сипат бойынша құрылады және қызметін мына қағидалар негізінде қалыптастырады:

    - салалалық Кәсіподақ қозғалысының бірлігі;

    - Кәсіподақ мүшелігіне еркін кіру және еркін шығу;

    - Кәсіподақтың төменнен жоғарыға дейін барлық органдарының сайланушылығы, олардың кәсіподақ мүшелері және жоғарғы Кәсіподақ органдары алдында есеп беріп тұратындығы;

    - барлық сайланбалы органдар жұмысындағы алқалық қабылданған шешімдер және тапсырмаларды орындау үшін жеке жауапкершілігі;

    - Кәсіподақ жоғарғы органдары шешімдерінің төменгі кәсіподақ органдарына, кәсіподақ мүшелеріне және мүшелік ұйымдарға міндеттілігі;

    - Кәсіподақ жоғарғы органдарының Кәсіподақ Жарғысына кайшы  қабылданған төменгі кәсіподақ органдары мен ұйымдары шешімдерінің күшін жоюы, тоқтатылуы, жоғарғы кәсіподақ органдарының шешімдері;

    - біріңғай қаржы саясаты;

    - кәсіподақ активтерінің біліктілігін арттыруға, оқытуға негізделген  біріңғай кадр және актив саясаты, кадрлық резервті сапалы даярлау.

    1. Салалық кәсіптік одақтар және кәсіподақтардың аумақтық (облыс,республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде) бірлестіктері өздерінің тәжірибелік қызметінде өзара тығыз іс-әрекетте болады:

    – кәсіподақтың бастауыш кәсіподақ ұйымыдарына, Федерация құрамына кіретін жергілікті кәсіподақтарға, кәсіподақтың жергілікті органдарына ұжымдық келіссөздер жүргізуде, ұжымдық шарттар мен келісімдер жасауда; туындаған еңбек дауларын шешуде жәрдем көрсетеді;

    – тиісті аумақта бірыңғай заңгерлік кеңестерін, кәсіподақтар инспекцияларын құруға шаралар қабылдайды, ынтымақ, жұмыссыздарға көмек қорларын құруға жәрдемдеседі;

    – аймақтық мәселелерді бірлесіп және келісіп шешу, жергілікті атқарушы органдармен және жұмыс берушілермен әлеуметтік әріптестікті жолға қою, кәсіподақ қызметкерлері мен кәсіподақтар мүшелерін әлеуметтік қорғау мен өзара қолдау үшін күш-жігерді біріктіру мақсатында  қалалар мен аудандарда жергілікті кәсіподақ өкілдерінен кәсіподақтардың аумақтық бірлестігін құруға ықпал етеді;

    - Кәсіподақтың облыстық құрылымдық бөлімшелері аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің өкілдер Кеңесінің құрамына кіреді;-        облыстық құрылымдық бөлімшелер кәсіподақтардың аумақтық бірлестіктеріне ақпарат, мәлімет, статистикалық мағлұмат береді;

    – бастауыш кәсіподақ ұйымы құруға, кәсіподақ ықпалын нығайтуға және сала мен аймақты дамытудың әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларын іске асыруға, Федерация  органдарының шешімдерін, басқа да жалпыфедерациялық іс-шараларды орындауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады;

    – кәсіптік одақтардың және кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауда бірлескен акциялар өткізеді.

    1. Кәсіподақ құрылымы осы біріңғай Жарғы шеңберінде заңды тұлға құқығына ие емес мына құрылымдық бөлімдерді қамтиды:

    -  Кәсіподақтың бастауыш кәсіподақ ұйымыдары;

    • филиалдары;
    • өкіліктіктері.
    27. Кәсіподақтың құрамына мүшелік ұйым ретінде Кәсіподақтар Жарғысын мойындайтын және орындайтынжергілікті кәсіподақтар кіреді.

    Б а с т а у ы ш  к ә с і п о д а қ ұ й ы м ы.

    28. Бастауыш кәсіподақ ұйымы Кәсіподақтың құрылымдық бөлімшесі болып табылады.29. Бастауыш кәсіподақ ұйымының құзыретіне келесі мәселелерді шешу кіреді:1) өз қызметiнiң басым бағыттарын айқындайды;2) мекемедегі, кәсіпорындағы еңбек, экономикалық, әлеуметтік қатынастарды реттеуге байланысты нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысады;3) Кәсіподақ мүшелерінің мүдделеріне қатысты ұжымдық келіссөздер жүргізу және мекемеде ұжымдық шарт жасасуға бастамашысы болады;4) мамандар мен сарапшыларды тарта отырып, кәсіпорындағы, мекемедегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды талдайды;5) жұмыспен қамтуды жақсарту, кадрлардың біліктілігін артыру және қайта даярлау, тұрғын үй мәселесін шешу, әлеуметтік және мәдени-деңсаулық саласындағы мекемелердің жұмыс істеуін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді және енгізеді;6) кәсіпкерлікті жекешелендіру және оның банкроттығы кезінде Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді;7) Мәдени-көпшілік, спорттық-сауықтыру іс-шараларды ұйымдастыру, қайырымдылық акцияларға қатысу.
    1. Бастауыш кәсіподақ ұйымыұйымдастыру-құқықтық нысанға және меншік нысанына қарамастан бір мекемеде, ұйымда, кәсіпорында, кем дегенде үш кәсіподаққа кіруге өтініш жасаған азаматтар болғанда құрылтай жиналысында құрылады.

    31.Бастауыш кәсіподақ ұйымының жиналысы (конференциясы) жылына кем  дегенде екі рет өткізіледі.  Жиналыстың (конференцияның) өткізілетіні, өтетін мерзімі, күн тәртібі, орны туралы кәсіподақ мүшелері кемінде екі апта бұрын хабарландырылады.

    Кезектен тыс жиналыс (конференция) кәсіподақ комитеті өз ынтасымен, жоғары кәсіподақ органының шешімімен немесе ұйым мүшелерінің үштен бірінің талабымен шақырылады. Оның өтетін мерзімі, күн тәртібі, орны туралы мәлімет кәсіподақ мүшелеріне ең кем дегенде бір жұма бұрын хабарландырылады.

    Жұмысына бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан жиналыс құқыққа сай болып табылады.

    Жұмысына сайланған делегаттардың үштен екісінен кем емесі қатысқан конференция құқыққа сай болып табылады

    1. Жиналыс (конференция) бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысына қатысты кез-келген сұрақты қарай алады. Жиналыстың (конференцияның) тікелей құзырына:

    - бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмысының басыңқы бағыттарын анықтау:

    - кәсіподақ комитеті, тексеру комиссиясының есептерін тыңдап, талқылау; 

    - бастауыш кәсіподақ ұйымы басқарушысын (кәсіподақ ұйымдастырушысын), кәсіподақ комитеті мен тексеру комиссиясының төрағаларын сайлау;

    - кәсіподақ мүшелерінің атынан жұмыс берушімен келіссөз жүргізіп, ұжымдық шартқа кіретін мәселелерді анықтау;

    - жұмыс беруші не оның өкілдерінің ұжымдық шартты орындау туралы есебін тыңдау;

    1. Күнделікті жұмысты атқару үшін бастауыш кәсіподақ ұйымы:

    - 30-дан кем Кәсіподақ мүшесі болса, кәсіподақ ұйымдастырушысын;

    - 30-дан артық Кәсіподақ мүшесі болса, төраға басқаратын кәсіподак комитетін сайлайды.

    Бастауыш кәсіподақ ұйымы өз қызметін Кәсіподақ ОК Атқару Комитеті бекіткен Кәсіподақтың Жарғысы мен Ережесіне сәйкес атқарады. 

    1. Кәсіподақ комитетінің мәжілісі қажетіне қарай немесе ең кемінде үш айда бір рет өткізіледі.

    Кәсіподақ комитеті Жарғыда көрсетілген өкілеттігіне байланысты күнделікті жұмыс атқарып, қойылған мәселелер бойынша шешім қабылдайды, өз жұмысы туралы жиналыс (конференция) және жоғарғы Кәсіподақ органдарының алдында есеп береді. Жиналыс (конференция) құзырына жататын мәселелер туралы шешім қабылдауға құқы жоқ;

    1. Кәсіподақ комитетінің шешімінің бастауыш кәсіподақ ұйымының құрылымдық бөлімдерінде кәсіподақ топтары, кәсіподақ бюролары (цехком) құрылады оларға жұмыс шеңберінде кәсіподақ комитетінің құқы берілуі мүмкін.
    2. Кәсіподақтың бастауыш кәсіподақ ұйымыы мөр, бланктер мен тиісті үлгідегі мөртанбаға ие.
    3. Заңды тұлға (кәсіпорын, ұйым) қайта құрылса сондай-ақ меншік ауысқан жағдайда бастауыш кәсіподақ ұйымы алдыңғы әрекет еткен бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ мүшелері алдындағы осыдан туындайтын барлық мүліктік, басқа да құқықтары және міндеттерімен бірге заңды мұрагер болып табылады.
    4. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы сол ұйымның өкілетті өкілі ретінде келесі мәселелерді шешуге құқы бар:

    - комитет құзырына тікелей қатыспайтын жедел   сұрақтарды өз еркімен шешуге;

    - кәсіподақ комитеті мен кәсіподақ жиналысы, конференциясы, кәсіподақ комитеті мәжілісіне қаралатын сұрақтарды дайындап, олардың шешімдерін әзірлеу үшін тұрақты және комиссиялар құрады және ол жұмысқа сарапшылар тобын және уақытша кәсіподақ активін шақыруға;

    - кәсіподақ комитетінің мәжілісін шақырып, оны жүргізіп отыруға, қабылданған шешімдер мен хаттамаларға қол қоюға;

    - кәсіподақ комитетінің штатындағы қызметкерлердің жұмысын басқаруға;

    - кәсіподақ мүшелері мен ұйым қызметкерлерінің атынан ұжымдық келісім-шартқа қол қоюға;

    - кәсіподақ комитетінің келісімімен қаржы саясатын және соған байланысты басқа да шаруашылық жұмыстарды басқаруға;

    - сайланбалы кәсіподақ активінің оқуын ұйымдастыруға;

    -  кәсіподақ мүшелерінің жеке талабы және  жазбаша өтініші бойынша, ұжымдық келісім шарт негізінде мүшелік кәсіподақ жарналарын уақтылы қолма қол емес жолмен, Жарғыда белгіленген мөлшерде, аталған  филиалдың есепшотына аударылуын бақылауға;

    - Кәсіподақтың тиісті филиалына кәсіподақтың мүшелік жарнаның дер кезінде және толық аударылуына жеке  жауапкершілікте.                

    К ә  с і п о д а қ т ы ң   ф и л и а л ы

    1. Кәсіподақтың филиалы Кәсіподақтың Атқару Комитетінің шешімімен құрылады және өз қызметін Атқару Комитеті бекіткен Ереже негізінде атқарады.

    40.Кәсіподақ филиалы жергілікті әділет органдарында есептік тіркеуден өткеннен кейін банкте өзінің есеп-шотын ашып, арнаулы бланкілер, мөр, штампқа ие болуға құқы бар.

    1. Кәсіподақ филиалының конференциясы филиалдың Атқару Комитетінің немесе Кәсіподақ Атқару Комитетінің шешімімен бес жылда бір рет шақырылады.

    Конференцияның өту мерзімі мен орнын, өкілдік нормасын, конференцияға делегаттарды сайлау тәртібін филиалдың Атқару Комитеті кемінде бір ай бұрын белгілейді.

    Кезектен тыс конференция филиалдың Атқару комитетінің бастамасы бойынша не бастапқы ұйымдардың кемінде үштен бірінің өтініші бойынша немесе Кәсіподақтың Атқару кеңесінің шешімі бойынша кем дегенде екі апта бұрын шақырылады.

    1. Кәсіподақ филиалы конференциясының құзырына мыналар жатады:

    - филиал Кеңесінің және ревизия  комиссиясының жұмысы  туралы есебін тыңдау;

    - филиал  жұмысының ең басты бағыттарын анықтау;

    - тікелей делегация қағидаты бойынша Филиал Кеңесін қалыптастырады;

    - Кәсіподақтың ұсынысы бойынша филиалдың төрағасы мен ревизиялық комиссия мүшелерін сайлайды;

    - филиалдар туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелерді қоспағанда, филиалдың қызметіне байланысты кез келген басқа мәселелерді шешеді.

    1. Конференция аралығында Кәсіподақ филиалының жұмысын конференция шешімімен құрылған Кеңес басқарады. Кеңес жұмысын төраға басқарады. Кеңес мәжілісі қажетіне қарай ең кемінде жылына екі рет өткізіледі.
    2. Кәсіподақ Кеңесі өз жұмысының басты бағыты ретінде жалпы Кәсіподақтың алдына қойған негізгі міндеттерді басшылыққа ала отырып:

    - бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысын реттеп, оларға нақтылы көмек көрсетеді, сол сияқты кәсіподақ ұйымдары мен оның мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін мемлекеттік билік органдары мен сот және басқа органдар алдына және жұмыс берушілер алдында қорғайды;

    - атқарушы комитетті сайлайды;

    - филиал төрағасы мезгілінен бұрын өкілеттігін тоқтатқан жағдайда, сайлау өткізеді;

    - филиал төрағасының ұсынысымен оның орынбасарын сайлайды және қызметінен босатады;

    - кәсіподақ жұмысына байланысты бекітілген Кәсіподақ Жарғысы аясында конференцияның ерекше құзырына жататын мәселелерден басқа сұрақтарды қарауға құқы бар.

    Филиал Кеңесі өз қызметінде кәсіподақ филиалының конференциясына және Кәсіподақтың Орталық кеңесіне есеп береді.

    1. Күнделікті жұмыс жүргізу үшін филиалдың Атқару комитеті сайланады, оның мәжілісі қажетіне қарай ең кемінде үш айда бір рет өткізіледі.
    2. А т қ а р у к о м и т е т і:

    - жоғарғы Кәсіподақ басқарушы органдарының, конференциялары мен  Кеңес мәжілісінің және өз шешімдерінің орындалуын бақылап, оларды орындау шараларын іске асырады;

    - төрағалық етушінің ұсынысы бойынша, кәсіподақпен келісім бойынша және, қажет болған жағдайда, филиал оның орынбасарын сайлайды

    - жұмыс берушілермен немесе олардың өкілдерімен келісім-шарттың негізгі қағидаларын анықтайды;

    - мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілермен келісім жүргізу үшін өздерінің арнайы өкілдерін  тағайындайды;

    - мемлекеттік денсаулық сақтау саясатын қалыптастыру және жүзеге асыру шеңберінде аумақтық кәсіподақтарбірлестіктері өткізетін іс-шараларға қатысады;

    - бастауыш кәсіподақ ұйымдардың қаржылық қызметін, Жарғының, жоғары органдардың шешімдерінің сақталуын үйлестіреді және бақылайды,;

    - кәсіподақ құрылымына кіретін ұйымдардың Жарғыға және жоғарғы Кәсіподақ органдарының шешіміне қайшы келетін шешімдерінің күшін жою туралы шешім қабылдайды;

    - негізгі себептермен Кәсіподақ Жарғысы мен шешімдерінде жоғарғы кәсіподақ ұйымдарының көрсетілген  талаптарға қайшы іс-әрекеттері үшін бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы жеке жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Егер кәсіподақ төрағасының іс-қимылы Жарғыдағы бағыт мақсаттарға қайшы келсе, онда оның өкілеттігін  мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданады, керек жағдайда кәсіподақ комитетінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін;

    - пайдалы тәжірибелерді көпшілікке таратып, кәсіподақ активінің оқуын ұйымдастырады;

    - филиалдың жалдамалы қызметкерлер штатының санын, сондай-ақ филиалдың және бастауыш кәсіподақ ұйымыдарының кәсіподақ бюджетінің сметасын бекітеді;

    -  бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасын сайлау туралы шешімін бекітеді. Қарастырылған кандидатура бекітілмеген жағдайда сайлаудың қайта өтуі туралы шешім қабылдайды.

    -  құзырына тиісті, мәселелерден басқа, күнделікті өмір аясында кездесетін мәселелер бойынша шешім қабылдауға құқылы;

    - өз жұмысы бойынша филиалдың конференциясына, Кеңесіне және Кәсіподақтың Орталық Кеңесіне есеп береді.

    1. Кәсіподақ филиалы төрағасы:

    - кәсіподақтың сенімхат негізінде әрекет етеді, материалды жауапты тұлға болып табылады;

     - филиал жұмысын басқарып, филиалдың Атқару комитеті мен Кеңесінің құзырына кірмейтін, жедел қойылған мәселелер бойынша шешім қабылдайды;

    - филиал штатындағы қызметкерлердің жұмысын басқарады, олармен  еңбек шартына отырады және тиісті заңға сәйкес еңбек шартын бұзады;

    - Кәсіподақтың атынан жұмыс берушілер және олардың одағымен, кәсіподақ құрылымдары және тағы басқа мекемелермен келісім шартқа қол қояды;

    - Кеңестің және Атқару комитетінің және Кәсіподақ органының жоғары органымен анықталған өкілеттіктер шегінде қаржылық қызмет, ақша операцияларын жүзеге асырады;

    - жарғылық міндеттерді орындауға жеке жауапты болады;

    - филиалдың Атқару комитетінің және Басқарманың басшысы;

    - филиалдың Атқару комитетінің атынан негізгі қызметінен босатылған кәсіподақ комитеттерінің төрағаларымен еңбек шартына отырады және еңбек шартын бұзады;

    - Кәсіподақ Атқару Комитеті мен Кеңесінің, сондай-ақ филиалдың Атқару Комитеті  мен Кеңесінің шешіміне сәйкес басқа да оған жүктелген міндеттерді атқарады.

    1. Сайланбалы органдардың мәжілістерінің, кәсіподақ жиналыстарының шешімі, егер жиналыстар мен мәжіліс отырысына кәсіподақ мүшелерінің тең жартысынан астамы қатысқан жағдайда, ал конференциялар мен съездердің шешімі сайланган делегаттардың үштен екісі қатысқан жағдайда, қабылдануға негізі бар.
    2. Сайланбалы органдардың мәжілісінің, жиналыс, конференциялардың және съездің шешімі тек кворум және көпшілік дауыс алған жағдайда қабылданады және ол шешім заң талабына сәйкес келеді, егерде Жарғы бойынша басқа тұжырымдамалар болмаса.

    50.Съезд, конференция, жиналыс сайланбалы органдардың мәжілісінің күн тәртібіне қойылған мәселелер бойынша шешім, осы шараларға қатысушылардың ұсынысымен ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы қабылданылады.

    1. КӘСІПОДАҚТЫҢ БАСҚАРУШЫ ОРГАНДАРЫ
    1. Съезд – Кәсіподақтың ең жоғарғы органы болып табылады және ол кемінде бес жылда бір рет Орталық Кеңеспен шақырылады. Съездің өту мерзімі мен орнын, күн тәртібін, өкілдік нормасын, съезге делегаттарды сайлау тәртібін филиалдың Атқару Комитеті екі ай мерзім бұрын белгілейді.

    Кәсіподақтың кезектен тыс съезі Орталық Кеңестің шешімімен немесе салалык кәсіптік одақ құрамына кіретін ұйымдардың ең кем дегенде тең жартысының талабы бойынша шақырылады, ол туралы шешім кем дегенде бір ай бұрын қабылдану керек.

    Съезд сайланған делегеттардың үштен екісінен кем емес бөлігі қатысса, өз жұмысын бастауға құқықты болып саналады.

    1. Кәсіподақ Съезі:

    - Кәсіподақ Орталық Кеңесі мен Кәсіподақ Бақылау-ревизиялық комиссиясының өз жұмысы туралы есебін тындайды және талқылайды, олардың жұмысына баға береді;

    - іс-әрекеттердің бағдарламасын және Кәсіподақтың кезекті мәселелерін айқындайды;

    - Кәсіподақтың Жарғысын, оған енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды, Кәсіподақтың Тексеру комиссиясы және бастауыш кәсіподақ ұйымы мен филиалдың Тексеру комиссиясы туралы Ережені бекітеді.

    - Орталық Кеңесті тікелей жіберу принципі бойынша жасақтайды;

    - Кәсіподақ төрағасын және Бақылау-ревизиялық комиссиясының мүшелерін сайлайды;

    - Кәсіподақтың мүшелік жарнасы туралы ережені қабылдайды, онда кәсіподақ мүшелерінің жарнасының міндетті түрде аударылатын мөлшері белгіленеді.

    - Кәсіподақ қызметінің қысқарғаны туралы шешім қабылдайды;

    - Кәсіподақ қызметімен байланысты басқада шешімдер қабылдайды;

    1. Съездер аралығында Кәсіподақтың басқарушы органы, Кәсіподақ төрағасымен басқарылатын, Кәсіподақтың Орталық Кеңесі болып табылады. Орталық Кеңестің мәжілістері қажетіне қарай ең кемінде жылына бір рет өткізіледі және құрамына қарай ең кемінде мүшелердің жартысынан көбі қатысқан жағдайда құқықты болады.
    2. Орталык Кеңес өз жұмысын бекіткен Ережеге сәйкес және келесі мәселелер бойынша өз шешімін қабылдауға құқы бар:
    - Съездің шешімдерінің орындалуын және Кәсіподақтың жарғылық міндеттерін ұйымдастырады және бақылайды;

    - салалық кәсіподақтың құқықтары мен мүдделерін мемлекеттік билік, сот, шарушылық органдар мен басқа қоғамдық құрылымдар алдында өкілеттік етеді және қорғайды;

    - өз құрылымына кіретін кәсіподақ ұйымдарының жұмысын реттеп, оларға кеңес береді, құқықтық көмек көрсетеді;

       - съезд алдында өз қызметі туралы есеп береді;

     - Кәсіподақ пен оның құрылымдық бөлімдері басшыларының Кәсіподақ Жарғысы мен оның шешімдерінің орындалуы туралы есептерін тыңдайды;

    - Атқару Комитетін сайлайды;

    - Кәсіподақ төрағасы өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда қайтадан сайлау өткізеді;

    - Кәсіподақтарға өз өкілдерін сайлайды немесе делегат етеді;

     - Кәсіподақта есеп беру және қайта сайлау туралы және олардың өткізілетін мерзімі мен реті  туралы шешім қабылдайды;

    -Кәсіподақтың тұрақты қызмет атқаратын комиссияларының жұмысы туралы Ережені бекітеді.

    - Съездің шешімімен жүктелген басқа да міндеттерді атқарады.

    1. Жедел және күнделікті жұмыстарды атқару үшін құрамында кәсіподақ төрағасы, оның орынбасары (лары) және мүшелері бар Аткару комитеті сайналады. Аткару комитетінің мәжілісі қажетіне қарай ең кемінде үш айда бір рет өткізіліп, құрамына сайланған мүшелерінің жартысынан артығы қатысқан жағдайда оның шешімдері құқықты болып саналады.
    2. Аткару комитеті:

    - Кәсіподақ Орталық Кеңесінің мәжілісін шақырып, оның күн тәртібімен өткізілетін орнын белгілейді;

    - съезд және Орталық Кеңес шешімдерінің орындалуын қадағалайды;

    - Кәсіподақ төрағасының ұсынысы бойынша оның орынбасарын (ларын) сайлайды және қызметтен босатады;

    -салалық келісім-шарттың негізгі бағыт бағдарламасын белгілеп, олардың орындалуын қадағалайды;

    - кәсіподақ қызметкерлері мен активінің оқуын ұйымдастырып, пайдалы тәжірибелерді көпшілікке таратады;

    - Орталық Кеңестің ішкі құрылымы мен штат кестесін бекітіп, төрағаның ұсынысымен бөлім меңгерушілерін бекітеді;

    - Жергілікті кәсіподақтың Кәсіподаққа мүше ұйым ретінде кіру және оны шығартутуралы шешім қабылдайды;

    - Кәсіподақ құрылымына кіретін ұйымдардың қызметі туралы статистикалық мәліметтердің жүйесін анықтайды;

    - жыл сайынғы жиынтық статистикалық есепті қарайды және бекітеді;

    - Кәсіподақ Орталық Кеңесі белгілеген өкілеттіктер шегінде Кәсіподақтың мүлкіне және ақшасына иелік етеді;

     - Кәсіподақ кіріс-шығыс сметасын бекітіп, белгіленген өкілеттік шеңберінде, қарауындағы мүліктің сақталу және оны қолдану туралы нормативтік актілер қабылдайды;

    -  Кәсіподақтағы еңбекақы төлеу мөлшері мен жүйесін белгілейді;

    - өзінің құрылымындағы ұйымдарының Жарғыда көрсетілген ережелер мен міндет-мақсаттарын орындау барысы және қаржы шаруашылық жұмысын тексеру туралы шешім қабылдап, егер де тексеру барысында жұмыс аясында жіберген кемшіліктері болса, онда істің аңық-қанығы шешілгенше банкідегі қаражатын пайдалануға тыйым салады;

    - Кәсіподақ Жарғысы мен алқалы органдарының шешімдеріне қайшы келетін төменгі кәсіподақ ұйымдарының қаулыларының күшін жояды, қабылданған шешім туралы кәсіподақ мүшелерін хабардар етеді;

    - Кәсіподақтағы біріңғай кадрлық саясатты анықтайды, оның ішінде кәсіподақ кадрларын іріктеу, орналастыру мен оқыту, кәсіподақтағы басқарушы қызметтерге резерв жасақтау;

    - негізгі себептермен Кәсіподақ Жарғысы мен шешімдерінде көрсетілген талаптарға қайшы іс-әрекеттері үшін кәсіподақтың құрылымдық бөлімінің төрағасы жеке жауапкершілікке тартылуы туралы сұрақтарды қарастырады. Кәсіподақ Жарғысы өрескел бұзылған жағдайда төрағаның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдайды, шешім туралы кәсіподақ мүшелерін хабардар етеді;

    - Кәсіподақ филиалын құру туралы шешім қабылдайды;

    • Кәсіподақтың филиалы мен бастауыш кәсіподақ ұйымы туралы Ережені әзірлейді және бекітеді;

    - Кәсіподақ филиалдарының төрағаларын сайлау туралы шешімді бекітеді;

    • қаржылық есептің мүшелік кәсіподақ жарналарының есептелуі мен төленуіне байланысты көрсеткіштерін анықтайды;
    • жалпы Кәсіподақ бойынша жыл сайынғы жиынтық қаржылық есебін қарастырады және бекітеді;
    • Кәсіподақтың құрылымдық бөлімдері басшыларының Кәсіподақ Жарғысы мен оның шешімдерінің орындалуы туралы есептерін тыңдайды;
    • Комиссиялар мен басқа да тұрақты немесе уақытша жұмыс органдарын жасақтайды, оларға өкілеттік береді;

    - Орталық Кеңес жүктеген басқа да міндеттерді атқарады.

     Қажет жағдайда Атқару Комитетінің шешімін сауалдама бойынша жазбаша қабылдай алады.

    1. Кәсіподақ төрағасы:

      - Кәсіподақ мүддесін мемлекеттік, қоғамдық органдар мен ұйымдарда, жұмыс берушілер бірлістіктерінде, халықаралық ұйымдарда өкілеттейді;

      - қажет жағдайларда Кәсіподақ атынан мәлімдеме жасайды, өтініш, үндеулер жолдайды;

      - Кәсіподақ атынан жұмыс берушілермен немесе олардың өкілдерімен, мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдар, кәсіподақ бірлістіктері және тағы басқа да мекемелермен келісім-шартқа отырып, кейінен ол қол қойылған келісім-шартты Орталық Кеңес мәжілісінде бекітеді;

    - үкім шығарады, жедел шешімдер қабылдайды және Орталық Кеңестің аппаратында жұмыс істейтін қызметкерлердің жұмысына басшылық ете отырып, олармен шарт жасасады және оны тоқтатады, басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдайды; - қаржылық қызметті жүзеге асырады, бекітілген шығын смета шеңберінде Кәсіподақтың қаражатын иеленеді;

    - жарғылық міндеттердің орындалуына жеке жауапкершілікте;

    -   Кәсіподақ Орталық Комитетінің Атқару Комитеті атынан Кәсіподақ филиалдарының төрағаларымен еңбек шартына отырады және тиісті заңға сәйкес жеке еңбек шартын бұзады;

    - Орталық Кеңес пен Аткару комитеті жүктеген басқа да міндеттерді атқарады.

    58. Кәсіподақ төрағасының өкілеттік мерзімі - бес жыл. Сол адам екі мерзім қатарынан сайлана алмайды.
    1. Кәсіподақ төрағасының орынбасары (лары) өз қызметін, төраға тапсырмасын және ол жоқта оның қызметін аткарады.
    1. КӘСІПОДАҚТАҒЫ САЙЛАУ   ЖӘНЕ КӘСІПОДАҚ

    ОРГАНДАРЫН  ЖАСАҚТАУ

    1. Кәсіподақта сайлау төменнен жоғарыға дейін бір мерзімде өтеді. Өкілетті мерзімдер:
    - кәсіподақ топ жетекшісі, кәсіподақ ұйымдастырушысы, цехтық жене бастауыш кәсіподақ ұйымыдардың кәсіподақ органдары үшін - бес жыл. Сол адам екі мерзім қатарынан сайлана алмайды;- Кәсіподақтың және оның филиалының басқарушы органдары үшін - бес жыл. Сол адам екі мерзім қатарынан сайлана алмайды.
    1. Кәсіподақта сайлау науқанын өткізу мерзімі туралы шешімді Орталық Кеңес қабылдайды.
    2. Бастауыш кәсіподақ ұйымы жиналысына (конференциясына), филиал конференциясына өкілдік мөлшерін және делегаттар сайлау тәртібін, сонымен қатар олардың өткізу мерзімі мен орнын бастауыш кәсіподақ ұйымының тиісті кәсіподақ органы, филиалы, съезге – Кәсіподақтың Атқару Комитеті белгілейді.

    Бастауыш кәсіподақ ұйымы, филиал  төрағалары, олардың орынбасарлары тиісті ұйымның конференцияларының, ал Кәсіподақ төрағасы, оның орынбасары (лары) қызметіне сәйкес съезд делегаттары болып танылады.

    1. Филиал Кеңестері мен Кәсіподақтың Орталық Кеңесі тікелей конференцияларда және съезде кейін шақырып алу, ауыстыру құқығымен тікелей жіберу принципі бойынша Кәсіподақ Орталық Комитеті мен филиалдың сайланбалы органы белгілеген мөлшерге сай жасақталады.

    Кәсіподақ ұйымдары басшыларын және органдарын сайлауда дауыс түрін жиналыс, конференция, съезд анықтайды.

    Кәсіподақтың және оның филиалдарының басшылары қызметіне сайланатын кандидатуралар кәсіподақ жұмысында үш жылдан кем емес стажы бар Кәсіподақтың мүшелері қатарынан ұсынылады.

    1. Ең көп немесе өзге кандидаттарға қарағанда көбірек және жиналысқа, конференцияға, съезге қатысушы делегаттардың, Кәсіподақ органы мүшелерінің жартысынан көбінен дауыс алған. Мәжілістің өткізілуі құқықты деген жағдайда ұсынылған кандидаттар сайланды деп саналады.
    2. Жиналыста, конференцияда, съезде, Кәсіподақ органының мәжілісінде сайлаған кәсіподақ ұйымдарының басшылары тиісті сайланбалы кәсіподақ органының мүшесі болып қызметіне сәйкес бір уақытта сайланады деп саналады.
    3. Кәсіподақтың сайланбалы органдарының мүшелері байланысы үзіліп, кәсіподақ мүшелігінен шығып кеткен жағдайда тиісті сайланбалы органның шешімімен сол құрамнан шығарылады.
    4. Қажетті жағдайларда кәсіподақ органдарына қосымша сайлау немесе оларды мерзімінен бұрын сайлау өткізілуі мүмкін:

    - бастауыш кәсіподақ ұйымыдарда - жиналыстарда, конференцияларда;

    - Кәсіподақтың филиалдарында - филиал Кеңесі мәжілістерінде;

    - Кәсіподақта – Кәсіподақ Орталық Кеңесінің мәжілісінде.           

    Кәсіподақ органдарын мерзімінен бұрын сайлау Кәсіподақ органының шешімімен, кәсіподақ органының, оның басшысының қанағатсыз қызметі, Кәсіподақ Жарғысын өрескел бұзған жағдайда өткізіледі.

    Сайланбалы органдардың немесе олардың басшыларының орнынан түсу жағдайда немесе кәсіподақ басшысы қанағаттанарлықсыз жұмыс істеген үшін, Кәсіподақтар Жарғысын өрескел бұзған үшін мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда мерзімінен бұрын сайлау өткізіледі.
    1. КӘСІПОДАҚТЫҢ МЕНШІГІ  ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ  ЫЗМЕТІ
    1. Кәсіподақ өзіне белгіленген тәртіп бойынша берілген, кәсіподақ мүшелік жарналардан табылған, шаруашылық, баспагершілік, және де басқа заңға қайшы келмейтін қызмет кірістерінен құрылған меншік иесі болып табылады.
    2. Кәсіподақ мүлкін қалыптастыру көздері:

    - қолданыстағы заңға сай Кәсіподақтың ақшалай және басқа  формада қалыптасқан мүлкі;

    - мүшелік кәсіподақ жарналары;

    - ерікті мүліктік жарналар және қайырымдылық;

    - шаруашылық және басқа да заңға қайшы келмейтін қызметтен түскен түсімдер (кірістер);

    - басқа да заңға қайшы келмейтін түсімдер.

    Кез-келген қызметтен алынған кірістер жарғылық мақсаттарға бағытталады.

    Мүлік кәсіподақтың жеке меншік құқығына жатады. Меншіктік,  пайдалану және қаулылар тәртібі, меншік түрін өзгерту Кәсіподақтың Орталық Кеңесімен анықталады.  

    Кәсіподақ өзіне тиесілі мүлікпен  заңға қайшы келмейтін кез-келген іс-әрекеттерді жасауға құқылы.

    1. Бастауыш кәсіподақ ұйымыдар мен филиалдар қарауына Кәсіподақ тапсырған мүлік пайдаланушысы болып табылады.
    2. Кәсіподақ ақшасы ай сайын төленетін жарнадан, шаруашылық, кәсіптік қызметтен түсетін пайдадан және басқа заңмен тыйым салынбаған көздерден құралады.
    3. Әр айлық мүшелік жарна мына мөлшерде белгіленеді:

    - жұмыс істейтіндер үшін айлық жалақысының 1 пайызы;

    - жұмыс істемейтіндер зейнеткерлер үшін зейнетақыдан 1 пайыз.

    Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының шешімі бойынша кәсіподақ мүшелік жарнасының жоғары  мөлшері белгіленуі мүмкін.

    1. Кәсіподақта мүшелік кәсіподақ жарналарын жинау және бөлу біріңғай тәртібі белгіленеді.

    Кәсіподақ мүшелік жарналарын кәсіподақ мүшелері төлейді, олар кәсіподақ мүшелерінің мемлекеттік баскару және сот органдарында, жұмыс берушілер алдында көпшілік келіссөз және ұжымдық шарт жасасқанда білікті мамандарды шақырып, олардың өтемақысын төлеуге, кәсіподақ мүшелеріне құқықтық көмек көрсетуге. Кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік қорғауға бағытталған ауызбірлік және де басқа қорларды құруға, кәсіподақ мүшелерінің заңды талаптарын қорғауға арналған акцияларды дайындауға және өткізуге,  заңдар және басқа да нормативтік құқықтық актілерді дайындауға, сараптық бағалау жұмысын ұйымдастыруға, ақпараттық және әдістемелік жұмыстарға, кәсіподақ  кадрлары мен активін оқытуға және басқа да жарғылық қызметтерге жұмсалады.

      Мүшелік жарна ақшалай немесе кәсіподақ мүшесінің өтініші бойынша еңбекақысынан аудару арқылы төленеді.

    Қолма-қол төленбейтін кәсіподақтың мүшелік жарналарының тәртібі келісіммен, ұжымдық келісім-шартпен Кәсіподақ Жарғысы анықтаған мөлшерде белгіленеді.

    Келісім және ұжымдық келісім шартқа сай, Кәсіподақтың бастауыш кәсіподақ ұйымыдарында жиналған мүшелік жарна толығымен (100 пайыз) тиісті аумақтық филиалдың шотына түседі.

    Кәсіподақ филиалы түскен мүшелік жарналардың кем дегенде 65 пайызын бастауыш кәсіподақ ұйымынаағымдағы қызметті жүзеге асыру үшін жібереді. Қалған бөлігі Орталық Кеңестің шешіміне сәйкес бөлінеді.Жергілікті кәсіподақ түскен мүшелік жарналардың жалпы жинағынан оның жарғылық қызметін жүзеге асыру үшін кемінде 65 пайызын  өз қарауыны қалдырады, қалған бөлігін Орталық Кеңеске жібереді.

    Кәсіподақ Орталық Кеңесі Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясына жиналған кәсіподақ мүшелік жарналардан кәсіподақтар Федерациясы Жарғысы белгілеген мөлшерде аударады.

    1. Кәсіподақтын сайланбалы органдарының бюджеттері осы Жарғыда көрсетілген қызметтерді атқаруға бекітілген сметаға сәйкес жұмсалады.
    2. Қаржы есептері жоғарғы Кәсіподақ органдарына жарты жылда бір рет жіберіледі.
    3. Негізсіз себептермен жоғарғы органдарды қаржыландырмайтын Кәсіподақ ұйымдары сол органның шешімімен үш айдан кейін оған деген өзінің қорғау міндетін тоқтатады деп ескертіледі.
    4. Кәсіподақ құрылымдық бөлімдерінің төрағалары мүшелік жарнаны толық жинау, міндетті түрде бөлу және аудару тәртібін сақтау үшін жеке басымен жауапкершілікте.
    5. Кәсіподақтың дербес балансы, банктік шоттары, оның ішінде валюталық шоттар бар.
    1. КӘСІПОДАҚТЫҢ БАҚЫЛАУ-РЕВИЗИЯЛЫҚ КОМИССИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ  ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ТЕКСЕРУ  КОМИССИЯЛАРЫ
    1. Кәсіподақтың Бақылау-ревизиялық комиссиясы Кәсіподақ съезінде, құрылымдық бөлімдердің тексеру комиссиялары олардың жиналыстарында және конференцияларында сайланбалы органдардың мерзімдік өкілеттігіне сәйкес кәсіподақ және оның құрылымдық бөлімдерінің есептік-шаруашылық қызметін, олар кұрған ұйымдардың қызметін бақылау үшін, кәсіподақ мүшелік жарналарын дұрыс есептеу, жинау, аудару және жұмсау, қаражаттар мен меншіктегі кұнды заттарды дұрыс пайдалану мәселелерін тексеру үшін сайланады да олар өз жұмысында съезд бекіткен Ережелерді басшылыққа алады.

    80.Кәсіподақтың бақылау-ревизиялық комиссиясы барлық деңгейдегі сайланбалы органдардың қызметіне тексеріс пен тексеру жүргізеді.

    Бақылау-ревизиялық комиссиясы өз қызметін дербес атқарады және съезге есеп береді.

    Кәсіподақтың құрылымдық бөлімдерінің тексеру комиссиялары жұмыс барысында Кәсіподақтың Бақылау-ревизиялық комиссиясына есепті, оның шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді.

    1. Кәсіподақ Бақылау-ревизиялық комиссиясының төрағасы осы комиссияның мүшелерімен сайланады, лауазым бойынша съезд делегаты, филиалдар мен бастауыш кәсіподақ ұйымыдары тексеру комиссияларының төрағалары тиісті конференциялар делегаттары болып табылады.
    1. КӘСІПОДАҚ ЖАРҒЫСЫНА ӨЗГЕРТУЛЕР ЖӘНЕ ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ
    1. Осы Жарғыға өзгертулер мен толықтыруларды Кәсіподақ Съезі енгізеді.

    Съезд шешімі, кворум болған жағдайда, егер оған сайлауға қатысқан делегаттардың жартысынан көбі жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.

    1. Осы Жарғыға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңдылығымен белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс.
    1. КӘСІПОДАҚТЫ ҚАЙТА ҚҰРУ  ЖӘНЕ ТАРАТУ  ТӘРТІБІ
    1. Кәсіподақты қайта құруды (бірігу, қосылу, бөліну, бөлініп шығу, өзгерту) Орталық Кеңес жүргізеді.
    85. Кәсіподақтың қызметі оның құрылымдық бөлімшелерінің саны осы Жарғыда көзделген саннан аз болған жағдайда немесе сот шешімі бойынша съездің шешімі бойынша тоқтатылуы мүмкін.86. Шешім қабылданды деп есептеледі:- Кәсіподақты қайта құру кезінде, егер съезд делегаттарының кемінде 2/3 кворуммен дауыс берген болса;- егер Кәсіподақ жұмысын тоқтатса (ликвидация), егер съезд делегаттарының кемінде 3/4 өкілі кворуммен дауыс берген болса;
    1. Кәсіподақты жою туралы шешім қабылданған жағдайда съезд жою комиссиясын тағайындайды.

    Барлық есеп айырысудан, міндетті төлемдердің қайтарылымынан қалған Кәсіподақ мүлкі съезд анықтаған мақсаттарға бағытталады.

    88. Кәсіподақ өз қызметiн тоқтатты деп бұл жөнінде мәліметтер Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзiлгеннен кейiн есептеледi.

    11.ҚОРЫТЫНДЫ  ЕРЕЖЕЛЕР

    1. Қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлерінің Кәсіподағы заңды тұлға құқығына ие. Бұл құқық Кәсіподақтың Орталық Кеңесі мен оның Атқару Комитетімен, Кәсіподақ төрағасыменбелгіленген заң шеңберіндегі аталған Жарғымен, съездер мен Кәсіподақтың басқару органдарының шешімдерімен іске асырылады.
    2. Кәсіподақта мөр, мөртабандар, белгіленген үлгідегі бланкілер, өз символикасы бар.

     

    «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жарғысы PDF:

    Стр. 1, стр. 26, стр. 28