«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Шығыс Қазақстан облысы филиалы

Меню

Филиалы туралы ереже

2018 жылдың 03 мамырында Кәсіподақтың Атқару комитеті мәжілісімен бекітілген

««SENIM» ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ  ЖҰМЫСКЕРЛЕРІНІҢ

САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ  ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ФИЛИАЛЫ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1. «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағыныңфилиалы кәсіподақ құрылымы болып табылады.

2. Кәсіподақтың филиалы Кәсіподақ Орталық Кеңесі Атқару Комитетінің шешімімен құрылады, және өз қызметін Кәсіподақ Орталық Кеңесі Атқару Комитеті бекіткен Ереже негізінде атқарады.

3. Филиал аймақтық әділет органдарында есептік тіркеуден өткен соң,  Кәсіподақ Жарғысына және осы Ереже  негізінде банктерде есеп шотын ашуға, Кәсіподақ ОК-і белгілеген үлгідегі бланкілерге, мөрге ие болуға құқы бар.

4. Филиал өз қызметін Конституцияға, Қазақстан Республикасының заңдарына, Кәсіподақ Жарғысына және осы Ережеге сәйкес атқарады.

5. Филиалдың қызметі мемлекеттік органдар, жұмыс берушілер, саяси және де басқа да қоғамдар, ұйымдардан тәуелсіз, олардың алдында есеп бермейді және бақылауға алынбайды, олармен қарым-қатынасын тең құқылы ынтымақтастық және серіктестік принциптері бойынша атқарады.

2. ФИЛИАЛДЫҢ ОРГАНДАРЫ

6. Конференция Кәсіподақ филиалының жоғарғы органы болып табылады, филиалдың Атқару Комитетінің немесе Кәсіподақ Атқару Комитетінің шешімімен бес жылда бір рет шақырылады.

Оның өтетін күні мен орнын, өкілеттік мөлшері мен делегаттарды сайлау тәртібін Кәсіподақтың тиісті филиалының Кеңесі кем дегенде бір ай бұрын тағайындайды.

Кезектен тыс конференция филиалдың сайланбалы органының (Атқару Комитеті) ынтасымен, бастауыш ұйымдарының үштен бірінен кем емесінің талабы немесе Кәсіподақ Орталық Кеңесі Атқару Комитетінің шешімі бойынша кем дегенде өткізілуінен екі апта бұрын шақырылады.

7. Кәсіподақ филиалының конференциясы:

- филиал Кеңесі мен тексеру комиссиясының  атқарған жұмысы туралы есебін тыңдайды;

- ұйым қызметінің негізгі бағыттарын анықтайды;

- тікелей жіберу ұстанымы бойынша филиал Кеңесін жасақтайды;

- филиал төрағасы мен филиалдың тексеру комиссиясының мүшелерін сайлайды;

- филиалды жою туралы сұрақтан басқа, филиалға қатысты басқа да мәселелерді шешеді.

8. Кәсіподақ филиалының конференция аралығындағы басқарушы органы Төраға басқаратын Кеңес болып табылады. Кеңес мәжілістері қажетіне қарай, бірақ жылына кем дегенде екі рет өткізіледі.

9. Кеңес өзінің жұмысын Кәсіподақ алдында тұрған міндеттеріне сай ұйымдастырады, сондай-ақ:

- филиал төрағасының ұсынысымен оның орынбасарын сайлайды және қызметінен босатады;

- бастауыш ұйымдарының жұмыстарын біріктіреді, іс жүзінде көмек көрсетіп, қолдайды, олардың және Кәсіподақ мүшелерінің құқылары мен мүдделерін тиісті мемлекеттік және сот органдары, жұмыс берушілер алдында қорғайды;.

- қажетті жағдайларда қосымша сайлау өткізіп немесе Кеңес мүшелігіне бастауыш ұйымдар ұсынған адамдардың өкілеттігін растайды;

- атқару комитетін сайлайды;

- филиал төрағасының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтағанда, сайлау өткізеді;

- конференцияны жүргізуден өзге, өзінің жарғылық және құрамына кіретін бастауыш ұйымдардың қызметіне сәйкес басқа да сұрақтарын шешеді;

- өз қызметі туралы филиалдың конференциясына және Кәсіподақ Орталық Кеңесіне есеп береді;

- құрылымдық бөлім қызметін тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда, тексеру комиссиясының қорытындысын бекітеді.

10. Күнделікті жұмысты ұйымдастырып жүргізу үшін Атқару комитеті сайланады, оның отырыстары қажетіне қарай, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес өткізіледі.

11. Атқару комитеті:

- Кәсіподақ басқарушы органдарының, филиал конференциясы мен Кеңес отырыстарының және өз шешімдерін орындау үшін нақтылы әрекеттердің орындалуын қадағалайды;

- төрағалық етушінің ұсынысы бойынша, кәсіподақпен келісім бойынша және, қажет болған жағдайда, филиал оның орынбасарын сайлайдыҢ

- жұмыс берушілермен немесе оның өкілдерімен келісімнің негізгі ережелерін анықтайды;

- өзінің өкілдерін мемлекеттік органдар мен  жұмыс берушілермен келіссөз жүргізу үшін жолдайды;

- мемлекеттік денсаулық сақтау саясатын қалыптастыру және жүзеге асыру шеңберінде аумақтық кәсіподақтарбірлестіктері өткізетін іс-шараларға қатысады;

- бастауыш ұйымдардың Жарғыны ұстану, жоғары Кәсіподақ органдарының шешімдерін орындау туралы жұмыстарын қалыптастырып, қаражат тәртібін бақылайды;

- Кәсіподақ Жарғысы мен жоғары органдардың шешімдеріне қайшы келетін төменгі кәсіподақ ұйымдары мен органдары қаулыларының күшін жояды және ол туралы кәсіподақ мүшелерін мәлімдейді;

- бастауыш ұйым төрағасының Жарғыны және Кәсіподақ органдарының шешімдерін орындау үшін жеке жауапкершілігі туралы сұрақты қарайды. Кәсіподақ Жарғысын өрескел бұзған жағдайда оны қызметінен алу не кәсіподақ комитетінің толық құрамын мерзімінен бұрын қайта сайлау туралы шешім қабылдайды;

- Кәсіподақ кадрлары мен белсенділерін оқыту жұмыстарын ұйымдастырады және атқарады; жұмыс тәсілдерін зерттеп, оңды тәжірибелерді насихаттайды;

- филиалдың кәсіподақ бюджетін және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының сметасын бекітеді, сондай-ақ филиалдың жалдамалы қызметкерлерінің санын бекітеді;

- бастауыш ұйымның төрағасын сайлау туралы шешімін бекітеді. Қарастырылған кандидатура бекітілмеген жағдайда қайта сайлау өткізу туралы шешім қабылдайды;

-әлеуметтік саясат тұрғысында мекемелер мен кәсіпорындардың экономикалық және қаржылық жағдайына зерттеу жүргізеді, осы факторлардың кәсіподақ мүшелерінің өмір сүру деңгейі мен әлеуметтік жағдайларына әсерін зерттейді;

- заң талаптарына сәйкес өз мүшелерінің құқықтарын және әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау үшін ереуілдер, жиналыстар, митингілер, көше шерулерін, демонстрация және тағы басқа бұқаралық акциялар ұйымдастырады;

- жұмыспен қамту туралы аумақтық бағдарлама құруға қатысады, еңбек туралы заң және еңбекпен қамту туралы заң құжаттарында көзделген мақсаттардың орындалуын қадағалайды және саладағы мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдардан жаппай жұмыстан босату кезінде зардап шеккен адамдарды әлеуметтік тұрғыдан қорғау шараларын ұсынады;

- бастауыш ұйымдардың қаржылық қызметін, жарғылық міндеттемелер мен Кәсіподақтың жоғарғы органдарының шешімдерін  орындауын қадағалайды және үйлестіреді;

- Кәсіподақ Орталық Кеңесіне уақытында статистикалық және қаражат жөніндегі деректерін беріп тұрады, қаражат саясаты тарапындағы шешімдерді не белгіленген мөлшердегі Кәсіподақ алдындағы өз міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

-қажет жағдайда филиал конференциясын шақыру туралы шешім қабылдайды, бастауыш ұйымдарына конференцияға делегаттар мен Кеңес құрамын жасақтауға  өкілдер мөлшерін белгілейді;

-жұмыс берушілер және олардың өкілдерімен келісім жасасады, өткізеді, келісімнің орындалуын қадағалайды;

-Кәсіподақ Жарғысында көзделген және өзіне мен филиал Кеңесі жүктеген басқа да қызметтерді атқарады;

- өз қызметінде конференцияға, филиал Кеңесіне және Кәсіподақтың Орталық Кеңесіне есеп береді.

12. Кәсіподақ филиалының төрағасы:

- кәсіподақтың сенімхат негізінде әрекет етеді, материалды жауапты тұлға болып табылады;

- лауазым бойынша филиалдың Атқару комитетін және Кеңесін басқарады;

- филиал қызметіне басшылық етеді, филиалдың Атқару комитеті мен Кеңесі құзырына жатпайтын, кезек күттірмес сұрақтарды шешеді;

- филиал аппаратының штаттағы қызметкерлерінің жұмысын басқарады, қолданыстағы заңға сәйкес еңбек келісімдерін жасайды және бұзады;

- жұмыс берушілермен және олардың бірлестіктерімен, мемлекеттік басқару органдарымен, кәсіподақ бірлестіктерімен және басқа да ұйымдармен келісімге  қол қояды;

- бастауыш ұйымдарының, Кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін тиісті мемлекеттік және сот органдарында, жұмыс берушілер алдында  қорғайды және өкілеттейді, сотқа талап арызбен жүгінеді;

- Кәсіподақтың жоғарғы органдары мен филиал Кеңесі және Атқару комитеті анықтаған өкілеттік аясында қаржылық қызмет, ақшалай операциялар жүргізеді;

- жарғылық міндеттемелердің орындалуына жеке жауапкершілікте;

- филиалдың Атқару комитеті атынан негізгі жұмысынан босатылған кәсіподақ комитетінің төрағаларымен еңбек келісімдерін жасайды немесе бұзады;

- дер кезінде Кәсіподақ ОК-не статистикалық және қаржылық есеп береді, съезд, Кәсіподақтың ОК мен Атқару комитетінің шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

- филиал  Кеңесі мен Атқару комитеті, сондай-ақ Кәсіподақтың Орталық Кеңесі мен Атқару комитеті жүктеген басқа да міндеттерді атқарады.

13. Егер жұмысына мүшелерінің жартысынан көбі қатысса, филиалдың сайланбалы органдарының (Кеңес, Атқару комиеті) отырыстары құқыққа сай; сайланған делегаттарының үштен екісінен кем емесі қатысқан конференция құқыққа сай болып есептеледі.

14. Кворум болған жағдайда, конференцияда шешім конференция делегаттарының көпшілік даусымен қабылданады; филиал Кеңесі мен Атқару комитеті отырысында - оның мүшелерінің, егер Жарғыда өзге тармақтар қарастырылмаған жағдайда.

15. Шешім қабылдау кезінде дауыс беру формасын (ашық, жабық) конференция делегаттары, филиалдың сайланбалы органдарының мүшелері анықтайды.

16. Филиалдың қызмет ету мерзімі шексіз, филиал органдарының өкілеттігі – бес жыл. 

3. ФИЛИАЛДЫҢ КӘСІПОДАҚ ҚАРАЖАТЫМЕН МҮЛКІН ПАЙДАЛАНУ ТӘРТІБІ,ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

17. Филиалдың Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық Кәсіподағы тапсырған басқаруындағы мүлкі және ақшалай қаражаты болады.

18.Филиалдың ақшалай қаражаты мынадай көздерден құрылады:

- кәсіподақ мүшелерінің әр айлық жарнасынан;

- шаруашылық кәсіп пен басқа да заңмен тыйым салынбаған жолмен  тапқан пайдадан;

- ақшалай және басқадай құнды қағаздардан және басқа көздерден;

- ерікті мүліктік жаналар мен жылулардан;

- басқа да заңмен тыйым салынбаған түсімдерден.

19. Кәсіподақтың филиалы сайланалы органдары арқылы өзінің қарамағындағы мүліктер және қаражаттармен өз еркімен пайдаланады.

20. Филиалдың төрағасы өзіне қарасты ұйымдардан мүшелік жарналарды толық жинау мен оларды бөлуге,  Кәсіподақ Жарғысының. тармағына сай міндетті түрде аударылатын жарнаның мөлшерін сақтау тәртібі үшін жеке жауапкершілікте.

21. Кәсіподақ Орталық Кеңесіне қаржылық есептер жарты жылда бір рет беріліп тұрады.

4. ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫ

22. Филиалдың Тексеру комиссиясы филиалдың жиналысында (конференциясында) сол сайланбалы органның қызмет ету мерзіміне сай  сайланады және Кәсіподақ съезінде бекітілген Кәсіподақ Жарғысы мен  Ережеге сай қызмет атқарады;

23. Филиалдың Тексеру комиссиясы қызметі бойынша Кәсіподақтың Тексеру-бақылау комиссиясына есеп береді және оның шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

24. Тексеру комиссиясының төрағасы қызметі бойынша филиал конференциясының делегаты болып саналады.

5. ФИЛИАЛДЫҢ ЖҰМЫСЫН ТОҚТАТУ ТӘРТІБІ

25. Филиалдың жұмысы Кәсіподақ Орталық Кеңесінің шешімі бойынша тоқтатылуы мүмкін.

26. Кворум болған жағдайда, Орталық Кеңес Атқару комитеті мүшелерінің үштен екісінен кем емесі дауыс берген жағдайда  шешім қабылданған болып саналады.

27. Филиал Кәсіподақ Орталық Кеңесі Атқару комитетінің шешімі бойынша қайта құрылуы мүмкін.

28. Филиалдың қызметін тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда  құрамында Кәсіподақтың Тексеру-Бақылау комиссиясының мүшесі бар филиалдың тексеру комиссиясы жою туралы шараларды ұйымдастырады.

Тексеру комиссиясының жою туралы қорытындысын Орталық Кеңестің Атқару комитеті бекітеді.

29. Қабылданған шешім туралы тиісті әділет органдары мәлімдендіріледі.

6. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

30. Филиал Кәсіподақтың құрылымдық бөлімі бола тұрып, өз жұмысын осы Ереже негізінде және Кәсіподақ Жарғысына сай атқарады.

Филиалдың жеке балансы, банктерде есеп және басқа да шоттары, белгіленген үлгідегі бланктері, мөрі, мөртабаны болады.

31. Филиал Кәсіподақ Жарғысында және осы Ережеде, белгіленген құқықтар мен өкілеттіктер шеңберінде өз бетімен әрекет жасау құқына ие.

32. Осы Ережеге түсінік беру Кәсіподақ ОК Атқару комитетінің құзырына жатады.