«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Шығыс Қазақстан облысы филиалы

Меню

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ ШҚО филиалының Орындаушы комитетінің отырысы

 2019 жылғы 20 ақпанда Өскемен қаласының Кәсіподақ Үйінің конференц залында «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ ШҚО филиалының Орындаушы комитетінің отырысы өткізілді.

Отырыс тақырыбы:

  1. «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ ШҚО филиалының Жастар кеңесін құру.
  2. Кеңестің төрағасын, төраға орынбасарын, хатшысын сайлау. 

 Қатысушылар:  Енсебаев Р.З.-  «ДСЖЖСКО «SENIM» РҚБ ШҚО филиалының төрағасы, Ш.С.Бихожаева, ШҚО филиалының мамандары, Орындаушы комитет мүшелері,  Бастапқы кәсіподақ ұйымдарының өкілдері (тіркеу парағы бойынша 38 адам)

Шақырылғандар: Тулеубаев М.А.- ШҚО Кәсіптік одақтар орталығының төрағасы. 

Конференцияның ашылуы:  Енсебаев Р.З. шақырылғандар мен «SENIM» РҚБ ШҚО филиалының қатысушыларын таныстырды.  2019 жыл - Президентпен Жастар жылы деп аталды.  ҚР Кәсіптік одақ Федерациясы еңбек жастарын кешенді қолдау саясатын іске асыру бағыты алынды. Конференция мақсаты - кәсіподақ қызметін жастармен үйлестіру  үшін «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ ШҚО филиалының Жастар кеңесін құру, сонымен қатар  Кеңестің төрағасын, төраға орынбасарын, хатшысын сайлау.   

ШҚО Кәсіптік одақтар орталығының төрағасы Тулеубаев М.А. жиналғандарға құттықтау сөз сөйледі:  - Облыс бойынша 14 облыстық және 3 аумақтық кәсіподақ бірлестіктері бар, олардың саны 131 мыңнан астам адам. Еліміздің кәсіподақ қозғалысына жастардың қатысуы мен рөлін күшейту үшін,  "Келешек" жастар қозғалысы құрылды. Оның  құрамына салалық жастар кеңестерінің төрағалары кіреді.     

"Келешек" жастар қозғалысының төрағасы АКБ Үйлестіру Кеңесінің мүшесі болады.      

ШҚО филиалы төрағасының орынбасары Ш.С. Бихожаева қатысушыларды "SENIM" Жастар Кеңесі туралы ереженің негізгі кезеңдерімен таныстырып, жас ұрпаққа күш-қуат пен шығармашылық әлеуетін жалпы іске бағыттаумен таныстырды.                                                                        

Жас кәсіподақ мүшелерінің атынан Жарма ОАА бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы          М.Абдукаримова сөз сөйледі. Жас маман Мерке қаласында өткен Республикалық жастар форумына барған әсерлерімен бөлісті. Кәсіподақ жұмысын үлкен қызығушылықпен жүргізіп, ұжымға және жалпы кәсіподаққа пайда әкелуге дайын екенін атап өтті.

Енсебаев Р.З. - Филиалдың Жастар кеңесі бастауыш кәсіподақ ұйымдарынан кандидаттар, сондай-ақ неғұрлым белсенді мүшелерден құралады. Сондықтан бастамашылық танытып, кандидатураны ұсынуыңызды сұраймын. 

Бірінші болып "ҚР ДСМ  ШҚО ҚДСБ Өскемен қаласындағы ММ" РММ бас маманы - Сейтқан Дулат Жеңісқанұлы ұсынды, осы мамандық бойынша екі жыл жұмыс істейді, екі жоғары білімі бар, төрт тілді меңгерген, "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқу жоспарларымен бөлісті және жалпы жастар мәселелеріне үлкен жауапкершілікпен қарайды.

 "Семей қаласының № 4 Емханасы" КМҚК ШЖҚ Бастапқы кәсіподақ ұйымының мүшесі  дәрігер - эпидемиолог Кайрбекова Үміт Қайырбекқызы кандидатурасын ұсынды, уақыт аралығында өзін сауатты маман, тапсырмаларды орындауда адал, ынталы жағынан көрсете білді, үш тілді меңгерген, өмірде алға қойған белгілі бір мақсаттары бар.

Сонымен қатар, Жастар кеңесінің құрамында жарма ОАА бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Абдукаримова Махаббат Мұратқызы жұмыс істеуге ниет білдіріп, "SENIM" кәсіподағына көшудің оң сәттерін атап өтіп, ұжым әлеуметтік және еңбек мәселелерін шешуге белсене ат салысып, кәсіподақ жұмысына жаңа серпін берді.

Енсебаев Р.З. осы үміткерлерге дауыс беруді ұсынды. Бір ауыздан дауыс берді. 

Шешім қабылданды:

  1.  Сейткан Дулат Женисканулы «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ ШҚО филиалының Жастар кеңесінің төрағасы болып таңдалды.
  2.  Абдукаримова Махаббат Муратовна «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ ШҚО филиалының Жастар кеңесі төрағасының орынбасары болып таңдалды.
  3. Кайрбекова Умит Кайырбеккызы - хатшысы

«SENIM» ДСЖЖСКО» РҚБ ШҚО филиалының төрағасы Енсебаев Р.З. конференцияның жабылуы туралы жариялап, қатысқандары үшін барлығына алғысын білдірді.

DSC07808
DSC07814
DSC07826
DSC07829
DSC07834
DSC07845
DSC07846
DSC07850
DSC07851
DSC07852