«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Шығыс Қазақстан облысы филиалы

Меню

Футбол бойынша Облыстық турнир

01 – 02 желтоқсан 2018 жылы Семей қаласында ШҚО-ның медицина қызметкерлерінің арасында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған футбол бойынша Облыстық турнирі өтті.

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ ШҚО филиалы турнирдің ұйымдастырушысы мен демеушісі.

Жарысқа 8 команда қатысты:

  1. ШҚО ҚДСҚ Департамент командасы
  2. Бородулиха ауданының командасы
  3. Бескарагай ауданының командасы
  4. Тарбагатай ауданының командасы
  5. Семей – 1 командасы
  6. Семей – 2 командасы
  7. Павлодар облысы Аксу ауданының командасы
  8. Улан ауданының командасы

ІІІ орын үшін матчта Павлодар облысы Аксу ауданы мен Тарбагатай аудандарының командалары кездесті.    

Ойын 4:3 есебімен Павлодар облысы Аксу ауданы командасының пайдасына шешілді.

І орын үшін матчта  Семей – 1 мен Семей – 2 командалары кездесті.   

Ойын 5:2 есебімен Семей - 1 командасының пайдасына шешілді.

 Қорытынды бойынша турнирдің жүлдегерлері анықталды:

I орын – Семей – 1 командасы

II орын – Семей – 2 командасы

ІІІ орын – Павлодар облысы Ақсу ауданы

І орын  алған Семей - 1 командасына Кубок, медаль, ақшалай сыйлық берілді.

ІІ орын  алған Семей - 2 командасына Кубок, медаль, ақшалай сыйлық берілді.

ІІІ орын алған Павлодар облысы Ақсу ауданы командасына Кубок, медаль, ақшалай сыйлық берілді.

Тарбағатай ауданы командасы топтамадан жартылай финалға шыққаны үшін арнайы ақшалай жүлде берілді.

Келесі номинациялар анықталды:

«Үздік шабуылшы» - Токанов М. – Тарабагатай ауданының ойыншысы

"Үздік қорғаушы" - Негманов Е. – Павлодар облысы Ақсу ауданы ойыншысы

«Үздік ойыншы» - Толыкбаев Т. – Семей - 1 ойыншысы

«Үздік сұрмерген» - Еркасимов А. – Семей - 1 ойыншысы

«Үздік қақпашы» - Шортанбаев А. – Семей - 2 ойыншысы

 Турнир марапаттарынан басқа, «Қазақстан футболына – 100 жыл» медалімен келесі ойыншылар марапатталды:

  1. Ибраимов Е.К. – ұйымдастыру комитетінің төрағасы
  2. Ли В.В. – Семей – 1 командасының ойыншысы
  3. Гайсин И.К. - Семей – 2 командасының ойыншысы
  4. Аскаров С. - Павлодар облысы Ақсу ауданы командасының ойыншысы
  5. Мукишев Д. – Тарабағатай ауданы командасының ойыншысы

 Турнирге қатысушылар екі күн бойы ақысыз тамақпен қаматамасыз етілді.

25
27
2
3
8
9
46
17
18
19
20
11
13
31
33
49
51
74
70
68
75
102
69
1
60
63
67
65
64
81
85
86
89
88
93