«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Шығыс Қазақстан облысы филиалы

Меню

Қазақстандық делегацияның Жапонияға сапары туралы есеп

Мерзімдері: 18.11.2018ж. - 23.11.2018ж.

Мақсаты: Жапония медицина қызметкерлер кәсіподағының жұмыс жүйесімен таныстыру және халықаралық қатынастар орнату

Ұйымдастырушы:  "Денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы "SENIM" Шығыс-Қазақстан облысы РҚБ филиалы

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ

Шақырушы тарап: «Нагасаки дәрігерлер Ассоциациясы"

Делегация құрамы:

  1. Дүйсенов С.С. - «Денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлерінің "SENIM" салалық кәсіптік одағы» РҚБ Төрағасы
  2. Енсебаев Р. З. – «Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің "SENIM" салалық кәсіптік одағы» РҚБ ШҚО филиалының Төрағасы

Сапар мазмұны:

19.11.2018 ж. – Нагасаки префектурасының Омура Ұлттық көпсалалы ауруханасына бару. Сапар барысында аурухана басшылығымен кездесу өтті. Ұлттық госпиталь президенті Езаки Хиронори Жапония денсаулық сақтау жүйесі туралы баяндама жасады. Практикалық бөлігінде делегация бөлімшелер жұмысымен және көрсетілетін медициналық көмек көлеміне таныстыруға қатысты.

Кездесу барысында қазақстандық тағылымгерлерді Жапонияда қабылдау туралы, сонымен қатар оларды тегін оқыту және тегін тұрғызу жайлы уағдаластыққа қол жеткізілді.

20.11.2018 ж. – Нагасаки медицина университетіне бару. Профессорлар Ш.Ямашито және Н.Такамурамен кездесу өткізілді. Кездесу барысында жапон тарапы Жапониядағы оқу жүйесі туралы ақпарат берді.

Кездесу нәтижесі бойынша Қазақстан тарапынан магистранттарды тегін магистратурада оқыту жайлы уағдаластыққа қол жеткізілді.

21.11.2018 ж. –  «Nagasaki Harbor Medical center» қалалық ауруханаға бару. Аурухана басшылығымен кездесуден кейін, жалпы Жапония бойынша медициналық ұйымдардағы кәсіподақ және осы медициналық орталықтағы кәсіподақ ұйымының жұмысымен таныстырылым өткізілді.  Кәсіподақ қызметі медицина қызметкерлерінің қауіпсіз еңбек жағдайларын құруға, медицина қызметкерлерінің мүдделерін қорғауға, сондай-ақ еңбекақы төлеу жүйесінде жеңілдіктер құруға бағытталған.   Қазақстанның кәсіподақ қызметі жүйесінде барлық жеңілдіктер Еңбек туралы Заңда қарастырылған, ал Жапонияның айырмашылығы, жеңілдіктер жасау жұмыс берушілермен келіссөздер арқылы қол жеткізіледі.

Даулы жағдайлардың шешілімі жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы ұзақ мерзімді еңбек келісім-шартта көрсетілген. Еңбек даулары жоқтың қасы. Барлық еңбек процесі келісімшарт шеңберінде орындалады. Қақтығыстар келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі.

Келіссөздер қорытындысы бойынша өзара тиімді ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізу мақсатында, өз кезегінде жапон тарапынан кәсіподақ қызметкерлерінің делегациясының Қазақстанға сапары жайлы келісілді. Сапар мерзімі делегация тарапынан өзара келісімі бойынша орындалады.

22.11.2018 ж. – Нагасаки дәрігерлер Ассоциациясының кеңсесіне бару. Кездесу президент Масауки Морисаки бастаған Ассоциацияның басқармасы деңгейінде өтті. Кездесу барысында профессор Мута келесі сұрақтар бойынша дәрігерлер мүдделерін қорғау туралы таныстырылым өткізді:

- Сақтандыру бойынша келтірілген залалды өтеу үшін жауапкершілік.

- Медициналық апаттарды тергеу жүйесі.

- Акушер-гинекологияда келтірілген залалды өтеу жүйесі.

Зардап шеккен пациентке залал келтірген дәрігер зиянның орнын толтыру процесінде Тексеру комитеті мен Сараптама комитеті шешуші рөл ойнайды. Зардап шеккен пациентке өтемақының белгілі бір мөлшері (шамамен 10 млн. иен - 100 мың АҚШ долларына дейін), префектура Дәрігерлер Ассоциациясы деңгейінде төленеді, одан артық өтемақыны төлеу (3 млн АҚШ долларына дейін) Бүкілжапондық дәрігерлер Ассоциациясымен жүргізіледі. Бұл ретте Ассоциация дәрігерді сақтандырады. Сақтандыру сомасы ай сайын жарналармен өтеледі. Келіссөздер жолымен өзгеше уағдаластыққа қол жеткізілмеген жағдайда, зардап шеккен науқас талабы бойынша, жіберілген қателіктер анықталғаннан  кейін,  сақтандырылған дәрігер Ассоциация адвокаттарына жүгінеді, істі сотқа бермес бұрын, барлық істі адвокаттар жүргізеді.  

Омура
21.11
21.11 (2)
22.11.
22.11-2