«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Шығыс Қазақстан облысы филиалы

Меню

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі құрылуы

2018 жылы 18 сәуірде Қазақстан кәсіподақ федерациясының Құрылтайшы съезі шақырылып, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі құрылып, жарғысы бекітілді.

2018 жылы 3 мамырда бірлестіктің орындаушы комитеті сайланып, Астана, Алматы қалалары мен Қазақстан Республикасының барлық облыстарындағы филиалдар төрағаларының міндетін атқарушылар тағайындалды.

2018 жылы 25 мамырда Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, «Шығыс Қазақстан облысының кәсіподақ орталығы» кәсіподақ аумақтық бірлестігі және Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы арасында 2018-2020 жылдарға арналған Меморандумға қол қойылды.

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің конференциясында Енсебаев Руслан Зейнуллинович Шығыс Қазақстан облысы Филиалының Төрағасы болып сайланды. Сонымен қатар, Облыстық филиал кеңесі, атқарушы комитеті мен тексеру - бақылау комиссиясы сайланды.